ІІМ "азаптауға арналған жертөлелер" туралы ақпаратты жоққа шығарды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото: Polisia.kz

Әлеуметтік желілерде "Алматыдағы ЛА-155/18 тергеу изоляторы ғимаратындағы жертөледе" ұсталғандарға қарсы заңсыз әрекеттер жасалады деген жалған ақпарат тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Әлеуметтік желілерде "Алматыдағы ЛА-155/18 тергеу изоляторы ғимаратындағы жертөледе" ұсталғандарға қарсы заңсыз әрекеттер жасалады деген жалған ақпарат тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Бұдан бөлек, Алматы қаласы бойынша ҚАЖД "ЛА-155/18 мекемесі" бастығы Жұмадиевтің деректері көрсетілген.

"ҚАЖ мекемесі аумағында екі қабатты әкімшілік ғимарат және 4-5 қабатты 6 режимді корпус, сондай-ақ, 230 камера орналасқан. Бұл корпустарда коммуникациялық жүйелер мен жылыту тораптарына арналған жартылай жертөле бар. Оған корпустардың сыртқы жағынан кіреді. Мекемеге түскендерді корпустың бірінші қабатына әкеледі. УҰИ-ға келгендерді медициналық қызметкерлер, сондай-ақ, мекеменің кезекші ауысымы қабылдайды. Бәрі видеоға түсіп тұрады. Сонымен қатар, мекемеге прокуратура органдарының өкілдері, адам құқықтары жөніндегі уәкіл, қоғамдық бақылау ұйымының қатысушылары уақытылы барып тұрады. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметі адамның қадір-қасиетін, өмірі мен денсаулығын, сотталғандардың және өзге де адамдардың конституциялық құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған. Бұл үшін заңнамада сотталғандарды қоғамға қосу, жазаны өтеу және өзге де қылмыстық-құқықтық шараларды орындау кезінде адам құқықтарын қорғау, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жазаны өтеген кезде қылмыс жасаудың алдын алу үшін жағдай жасалады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, жалған ақпарат таратуға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная