25 мамыр 2020 | 13:48

ІІМ басшысы қаза тапқан алматылық полицейлер туралы айтып берді

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыда блокбекетте қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан аға лейтенант Жарас Жанғазиев пен полиция сержанты Дастан Әбдіқановтың отбасыларына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыда блокбекетте қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан аға лейтенант Жарас Жанғазиев пен полиция сержанты Дастан Әбдіқановтың отбасыларына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұрғымбаев полицейлер төтенше жағдай режимінде екі айдан аса уақыт жұмыс істегенін айтты.

Реклама
Реклама

"Аға лейтенант Жарас Жанғазиев Алматы патрульдік полициясының инспекторы қызметін атқарды. 19 жыл бойы қызметтік міндетін атқара жүріп, бірнеше марапатқа ие болды. Жас полицейлерге үлгі боларлықтай болды. Жарас Жанғазиев өз ісінің шебері ғана емес, жақсы отағасы болатын. Артында екі қызы мен әйелі қалды, таяуда үшінші сәбиі дүниеге келеді.

Полиция сержанты Дастан Әбдіқанов төрт жыл қызмет етті, жауапкершілігі мол қызметкер. Болашаққа жоспарлары көп болатын, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін барын салатын, бір ай бұрын қызы дүниеге келген еді.

Өкінішке қарай, қайғылы жағдай болды. Екі полицей де мықты қызметкерлер еді. Отанымыз үшін әлі талай іс атқарар еді. ІІМ жеке құрамы жақындарына көңіл айтады. Бұл біз үшін орны толмас қаза", - деді министр.

Еске салайық, бүгін 25 мамырда таңғы сағат 05.26-да BMW маркалы көліктің 1992 жылғы жүргізуші Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданы Қожабеков көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жаңа Ғасыр көшесінің қиылысында №4 блокбекетке барып соғылып, инерциямен патрульдік көлікке соғылған еді. Салонда екі полицей болған. Көлікті мас күйінде отырған BMW жүргізушісі қамауға алында. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Полицейлердің біреуі - 42 жастағы аға лейтенант Жарас Жанғазиев, ол алған жарақатынан жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Ол - Батыс Қазақстан облысының тумасы, ішкі істер органдарында 2001 жылдан бастап еңбек еткен. Үйленген, артында екі қызы қалды.

Екінші полицей - полиция сержанты Дастан Әбдіқанов 1994 жылы туған. Ауруханада қайтыс болды. Ол - Алматының тумасы. Ішкі істер органдарында 2016 жылдан бастап еңбек еткен. Үйленген, артында туғанына бір ай болған қызы қалды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная