ПОДЕЛИТЬСЯ
10 мамыр 2023 | 14:11
ІІМ басшысы қазақстандық журналистің ұсталуына қатысты пікір білдірді
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Жанарбек Әшімжанов Ішкі істер министрлігінің басшысынан журналист Еренғайып Қуатайұлының ұсталуына қатысты сұрақ қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Жанарбек Әшімжанов Ішкі істер министрлігінің басшысынан журналист Еренғайып Қуатайұлының ұсталуына қатысты сұрақ қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Депутаттың айтуынша, ұсталған журналистен еш дәлелсіз жауап алынған көрінеді.
"Біз оны талантты журналист, Бостон мен Лондон марафондарының қатысушысы ретінде білеміз. Ол Алматыға ұшып келген, ал Қарағандыға ұшқанда оны төрт сағат ұстады. Нақты мысалдарға тоқталғым келеді. Қазір біз көп нәрсені көріп отырмыз. Елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижелері бар. Бұл жерде кейбір қажетсіз қадамдар бар екені анық. Яғни, осы мәселелерді ескеру қажет...", - деді министрге депутат.
Министр Марат Ахметжановтан нақты жауап болған жоқ.
"Әр деректі бөлек қарастыру керек. Біз құқықтық мемлекетпіз, біз заңға негізделіп жұмыс істейтін боламыз", - деді ішкі істер министрі Ахметжанов.
Кейін Мәжіліс кулуарында БАҚ өкілдері Ішкі істер министрлігі басшысынан журналистің ұсталуына қатысты жағдайды толығырақ түсіндіруді сұрады.
"Біз оны анықтауымыз керек. Оны төрт сағат немесе бір сағат ұстады ма, білмеймін. Әрбір дерек бойынша нақты қызметтік тексеру жүргізіледі. Егер бұл жалған айып болса, бұл адам да жауапқа тартылады", - деп түсіндірді Ішкі істер министрлігінің басшысы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также