ІІМ басшысы мереке күндері қарсаңында мәлімдеме жасады

ІІМ басшысы мереке күндері қарсаңында мәлімдеме жасады Фото:gov.kz

ІІМ басшысы Ержан Сәденов мереке күндеріне байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІМ басшысы Ержан Сәденов мереке күндеріне байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа жылдық мереке қарсаңында полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Осыған байланысты өткізілген жедел кеңесте Ішкі істер министрі қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету бойынша қызметкерлерге бірқатар міндет жүктеді.

"Бүгіннен бастап ерекше бұйрыққа дейін біз қызмет көрсетудің күшейтілген нұсқасына көшеміз. Құқықтық тәртіп мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, жаяу нарядтардың санын көбейтуді, шыршалардың сақталуына жауаптыларды анықтауды, құқық бұзушылықтардың жолын кесуді, мүлдем төзбеушілік пен жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз етуді тапсырамын. Заңдылық пен тәртіптің сақталуына ерекше назар аудару қажет. Халық пен қоғамның талабы – кәсіби білікті және адал полиция. Біз осы талапқа сай болуымыз керек", – деп атап өтті Ержан Саденов.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, кеңесте жеке құрамға еліміздің барлық өңірлерінде гарнизондық сап түзеу өткізу тапсырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама