25 қазан 2018 | 14:18

ІІМ басшысы өзінің физикалық дайындығын көрсетуге уәде берді

Қалмұхамбет Қасымов.

Министр Қалмұхамбет Қасымов журналистерге норматив тапсыру кезінде өзінің физикалық дайындығын көрсетуге уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Министр Қалмұхамбет Қасымов журналистерге норматив тапсыру кезінде өзінің физикалық дайындығын көрсетуге уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ басшысы полиция қызметінде артық салмағы бар адамдарды қалдыру жөнінде пікір білдірді. 

Реклама
Реклама

"Бізде жалпылама стандарттар бар. Олар әрдайым физикалық дайындықтан өтіп тұрады, егер ол семіріп жатса, біз одан жұмыстан кетуін сұраймыз. Бізге келіп, қалай өтетінін көрсеңіздер болады. Олар жүгіреді, атады", - деді Қалмұхамбет Қасымов. 

Министрдің айтуынша, артық салмағы бар адам барлық нормативті жақсы тапсырса, оны жұмыстан босатуға еш негіз жоқ екен. "Сіздер әр түрлі ауыр салмақтағы адамдарды көресіздер, олар нормативті тамаша тапсырады. Бәлкім оның физикалық көрсеткіші осындай шығар. Менде кейде таңғаламын: ол өзі ірі, қалай жүгіріп өтті. Ойдағыдай жүгіріп өткенін көріп, таңырқаймыз", - деді Қасымов. 

Ведомство басшысы өзі де барлық нормативті тапсырып тұратынын айтты. 

"Сіздер келіңіздер, мен сіздерге барлығын көрсетемін. Әр сейсенбіде, бейсенбіде. Мен арнайы тапсырма беріп, барлығыңызды шақырамын", - деп уәде берді ішкі істер министрі. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная