30 мамыр 2019 | 10:50

ІІМ басшысы семейлік екі полицейді марапаттады

ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен полиция кіші лейтенанты Аслан Бегәділов пен полиция сержанты  Тимур Жұманбеков "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапатталды, - деп хабарлайды YK-news.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлерді марапаттау рәсімі Семейде өтті. Құқық қорғау органдарының жас қызметкерлеріне медальді ШҚО полиция департаментінің басшысы Жанарбек Бақтыбаев тапсырды. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, 27 сәуірде куәгерлер полицияға әйелдің Ертіс өзенінің бойындағы автомобильі көпірінен секіріп кеткенін хабарлаған. Оқиға орнына патруль келген. 

Полицей Аслан Бегәділов суға кетіп бара жатқан әйелге жүзіп барып, серіктесі Тимур Жұманбековтың көмегімен жағаға алып шыққан. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram