30 қараша 2022 | 12:25

ІІМ басшысының орынбасары Астанадағы заңсыз митинг туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха 26 қарашада Астанада өткен заңсыз митингке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха 26 қарашада Астанада өткен заңсыз митингке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресми мәлімет бойынша, 18 адам ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Олар 15 тәулікке қамауға алынды. Бұл "Жарадағы" іс-шарада барлығы 300-ге жуық адам болды (Қорғалжын тас жолындағы Zhara мекемесі - еск.). Бір жарым сағаттан кейін Ақордаға қарай жүруге шақырған. Олар сыртқа шықты, іс жүзінде митингтің барлық белгісі бар, өйткені рупор, үндеу, шақырулар болды. Олар Ақордаға қарай бет алды. Біз оларды тоқтатуға, жолын кесуге мәжбүр болдық, ұйымдастырушы ұсталды. Ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", - деді Лепеха Мәжіліс кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, митингке қатысушыларға қатысты қылмыстық іс қозғалмаған, тек әкімшілік қамауға алынған.

"Біз олардың талаптарын күткен жоқпыз, өйткені заңсыз митинг өз алдына әкімшілік құқық бұзу болып саналады. Қазір мұнымен айналысып жатырмыз, анықтаймыз", - деді министрдің орынбасары заңсыз митингіге қатысушылардың талаптары туралы сұраққа жауап бере отырып.

Игорь Лепеха мұндай акциялар еліміздің басқа аймақтарында да өтті деген қауесетті жоққа шығарды. Алайда оның айтуынша, Астанадағы митингке Астана тұрғындары ғана емес, басқа облыстардан келген азаматтар да қатысқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная