ПОДЕЛИТЬСЯ
08 желтоқсан 2023 | 15:56
ІІМ дау тудырған "Айканың тізімі" туралы мәлімдеме жасады
БАҚ пен әлеуметтік желілерде "элиталық эскорт" қызметін ұсынғандар мен клиенттердің жеке деректері көрсетілгені айталған "Айканың тізімі" төңірегіндегі шу басылған жоқ. Бұл ретте атышулы тізімнен Қазақстанға танымал адамдарды көруге болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сондай-ақ, бұл тізім эскорт қызметін ұйымдастырғаны үшін ұсталған Алматы тұрғынының телефон кітапшасы негізінде жасақталғаны хабарланды.
Tengrinews.kz тілшісі мән-жайды анықтау үшін Ішкі істер министрлігіне жүгінді. Министрліктің ресми сауалға берген жауабында ІІМ тізімдердің қайдан шыққанын анықтау мақсатында қызметтік тексеру жүргізіп жатқаны айтылған.
"Жүргізіліп жатқан тексеру аясында әлеуметтік желілерде жеке деректер көрсетілген ақпараттың шығуы, сенімділігі мен таралуының мән-жайлары анықталып жатыр", - деді полиция.
ІІМ Қылмыстық кодекстің 309-бабы "Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық", сондай-ақ 296-бабы "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатқанын еске салды. Басқа ақпарат жариялауға жатпайды.
Сонымен қатар, полиция жеке деректерді таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік барын ескертті, бап 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также