ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қараша 2024 | 15:11
ІІМ-де жаңа департамент пайда болды
Мемлекет басшысының киберқылмысқа қарсы күресті күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде ІІМ-де киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі жаңа бейінді департамент құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІМ мәліметінше, департамент киберқылмыстарды анықтау және ашу және олармен күресудің стратегиялық қадамдарын әзірлеумен айналысады.
"Технологиялардың қарқынды дамуы және интернет-қатерлер санының артуы жағдайында мамандандырылған бөлімше құру қазіргі заманның сын-тегеуріндеріне неғұрлым тиімді жауап беруге мүмкіндік береді", - деді ішкі істер министрі Ержан Сәденов.
Жаңа департаменттің бастығы болып осы салада айтарлықтай тәжірибесі бар полиция полковнигі Жандос Сүйінбай тағайындалды, деп толықтырды ІІМ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также