ПОДЕЛИТЬСЯ
19 маусым 2021 | 13:50
ІІМ: Интернет-алаяқтық саны 2,3 есеге өсті
Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев "Цифрлық технологиялар дәуіріндегі құқық" атты қазақстан-француз форумында интернет-алаяқтық саны өскенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев "Цифрлық технологиялар дәуіріндегі құқық" атты қазақстан-француз форумында интернет-алаяқтық саны өскенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Форумда Ерлан Тұрғымбаев баяндама жасап, қатысушыларға Мемлекет басшысының полиция қызметінің тиімділігін арттыру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру үшін ведомство процестерін цифрландыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру туралы айтып берді.
ІІМ-нің цифрландыру бойынша алғашқы қадамдары халыққа көрсететін мемлекеттік қызметтер саласында жасалды және ол ең танымал қызметтердің бірі болып саналады. Бүгінгі таңда олардың 95 пайызын ішкі істер органдары электрон форматта ұсынады. Бұл қызметтердің ішінде көлікті тіркеу, оларды сатып алу-сату жөніндегі мәмілелер, автокөлікке арналған мемлекеттік нөмірді таңдау және оларды үйге жеткізуге тапсырыс беру, шетелдіктерге бір реттік іскерлік және жеке визаларды электронды түрде рәсімдеу және тағы басқалары бар.
"Нәтижесінде ІІМ-нің мемлекеттік қызметтері халыққа цифрлық форматта қолжетімді болды. Қызметтерді көрсету уақыты барынша қысқартылды. Азаматтармен байланыс айтарлықтай азайтылды, сондай-ақ әкімшілік және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жойылды", - деп атап өтті Ішкі істер министрі.
Бұдан басқа, әкімшілік және сотқа дейінгі іс жүргізу электрон форматқа ауыстырылады.
Жүйелерді ІІМ деректер базасымен интеграциялау полицейлерге планшеттің көмегімен автокөлікті тексеруге, электрондық хаттамалар жасауға және айыппұлдарды өндіріп алуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты жыл басынан бері заңнамаға жүргізушілерге жеке басын куәландыратын бір ғана құжатпен автокөлікті басқаруға рұқсат беретін өзгерістер енгізілді.
Сотқа дейінгі іс жүргізу процесін автоматтандыру мақсатында қылмыстық істерді электрондық форматта тергеу практикасы кеңейтілуде. Бұл тергеу мерзімдерін қысқартуға, бақылауды арттыруға және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға ықпал етеді. Жыл соңына дейін қылмыстық істерді тергеуді осындай нысанда 100 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Цифрлық технологиялар полицияның құқық бұзушылық туралы хабарламаларға ден қою саласында да енгізіліп жатыр.
Қоғамдық орындарда, мектептерде, ауруханаларда, "SOS батырмалары" - шұғыл аудио/бейне шақыру жүйелерін орнату бойынша жұмыстар басталды. "Police 102" мобильді қосымшасы іске қосылды. Осы сервисті ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап 46 мыңнан астам адам пайдаланды.
Бейнебақылау камераларының желісі кеңеюде. Жыл басынан бері олардың көмегімен 3,5 мыңнан астам қылмыс ашылып, 1 миллион әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолы кесілді.
Министр интернет-технологиялар саласындағы қылмыстарға жеке тоқталды. Бұл қылмыс түрінің күрт көбеюіне әлемдегі короновирустық пандемия ықпалын тигізгені белгілі.
"Онлайн-қызметтердің дамуымен интернет-алаяқтықтардың саны 2,3 есеге өсті. Осыған байланысты, ІІМ Киберқылмыспен күрес орталығының құрылымында тек осы қылмыстарды ашумен айналысатын арнайы топтар құрылды", - деді Форумда министр Ерлан Тұрғымбаев.
Ведомство басшысы киберқылмыстың трансшекаралық сипаты жағдайында ІІМ шетелдік әріптестер мен халықаралық ұйымдармен белсенді ынтымақтасатынын атап өтті. "Компьютерлік қылмыстар туралы " 2001 жылғы Еуропа Кеңесінің конвенциясына Қазақстанның қосылуы бойынша шаралар қабылданып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также