ПОДЕЛИТЬСЯ
22 маусым 2022 | 12:07
ІІМ жаңа облыстардағы көліктерге қандай код берілетінін айтты
Ішкі істер министрлігі Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарында автомобильдерге қандай код берілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ішкі істер министрлігі Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарында автомобильдерге қандай код берілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда көлік құралын тіркеу кезінде өңірді сәйкестендіру үшін тиісті цифрлық белгі қолданылады (қазір - 1-ден 17-ге дейін).
"Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріндегі өңірлердің цифрлық белгісі өңірдің атауына байланысты қазақ әліпбиіндегі тәртіппен беріледі. Осыған байланысты жаңадан бөлінген үш облысқа: Абай облысы - 18, Жетісу облысы - 19 және Ұлытау облысы - 20 кодын беру ұсынылды", - деді ІІМ өкілдері.
Жаңа облыс тұрғындарына бұрынғы нөмірлерін ауыстыру қажет емес екені де айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также