28 қаңтар 2019 | 11:02

ІІМ кәмелетке толмаған балалардың ісі бойынша шұғыл комиссия отырысын өткізеді

© Tengrinews.kz фотоколлажы

ІІМ кәмелетке толмаған балалардың ісі бойынша шұғыл комиссия отырысын өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ішкі істер министрлігінің ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаевқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ІІМ кәмелетке толмаған балалардың ісі бойынша шұғыл комиссия отырысын өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ішкі істер министрлігінің ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаевқа сілтеме жасап.

Ведомство өкілінің айтуынша, қылмыстық заңнамаға сәйкес бұзақылық әрекеттер үшін (ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-3-бөлігі) 14 жастан асқан жасөспірімдер жауапкершілікке тартылады. Жасөспірімдер топтасып өзімен жастыларға заңға қайшы әрекеттер көрсеткен уақытта осы бап бойынша іс қозғалады. 

Реклама
Реклама

"Осы орайда ата-аналарды, білім беру мекемелерін кәмелетке толмаған балаларға қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жастан асқан уақытта ойланбастан істеген әрекеттер үшін қылмыстық қудалауға ұшырайтынын ескерту шараларын өткізуге шақырамыз. Себебі, мектеп қабырғасында жасалған бір ғана заңға қайшы әрекет өмір бойы дақ болып қалатынын ескертеміз", - деді ІІМ ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев. 

"ІІМ осы Түркістан, Қызылорда, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында болған жағдайларға қатысты Білім және ғылым министрлігімен бірге ведомствоаралық кәмелетке толмаған балалар ісі бойынша шұғыл комиссия құрды", - деді Садубаев. 

Айта кетейік, соңғы уақытта оқушылардыі бір-бірін ұрып-соғу деректері жиіліп кеткен. Түркістан облысында кіші сыныптарда оқитын балалардың бірін-бірі ұрып-соғып, балалағаттап, қорлау видеолары жарияланған. Кейінірек Қызылорда облысында жасөспірімдердің заңға қайшы әрекеттері түсірілген видеосы жарияланды. Таяуда Қарағандыда оқушыны ұрып-соғу деректері анықталды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная