02 қараша 2022 | 14:51

ІІМ кәмелетке толмағандардың шетелге шығу тәртібін өзгертпек

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Ішкі істер министрлігі кәмелетке толмаған қазақстандықтардың шетелге шығу тәртібін өзгертпек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрлігі кәмелетке толмаған қазақстандықтардың шетелге шығу тәртібін өзгертпек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов адам саудасымен айналысатындар балаларды халықаралық шараларға шақыру желеуімен елден алып кететінін айтады.

Жоспарланған өзгерістер туралы Ішкі істер министрлігі Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов айтты.

Реклама
Реклама

"Іс жүзінде біз жыныстық және еңбек қанауы, бала асырап алу мақсатында жаңа туған балалардың саудасы, адам ағзаларының саудасы және қайыр сұрауға мәжбүрлеу сияқты қылмыстармен бетпе-бет келеміз. Қылмыс объектісіне айналатын көбіне балалар болғандықтан осы мәселе ерекше назар аударуды қажет етеді. Сондықтан 16 жасқа толмаған азаматтардың Қазақстаннан кету тәртібі өзгереді", - деп түсіндірді ол адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі форумда.

Марат Ахметжанов балалардың шетелге шығуы бақыланатынын, ата-анасының рұқсатынсыз бөгде адам баланы шетелге әкете алмайтынын айтты.

"Бірақ бізде балаларды жалған құжатпен немесе алдау арқылы халықаралық іс-шараларға апаратын жағдайлар кездеседі. Содан кейін оны қайтару қиынға соғады. Мұнда біз қырағылық танытып, олардың қайда бара жатқанын, қандай мақсатта кететінін біліп алдын алуымыз керек", - деп түсіндірді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная