31 қаңтар 2023 | 09:29

ІІМ Қазақстанда қанша автокөлік заңдастырылғанын айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда қанша автокөлік заңдастырылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда қанша автокөлік заңдастырылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шетелдік автокөліктерді заңдастыру жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда 30 415 өтініш мақұлданды. 6 868 автокөлік сәтті заңдастырылды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Қазақстанда шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталды.

Реклама
Реклама

Заңдастыруға өтінішті электрон үкімет порталы арқылы е-gov.kz, екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы, халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы беруге болады.

Автокөлік Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінуге, қылмыстық есепте тұрмауға, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуға тиіс. Сонымен бірге Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі керек. Егер автокөлік заңдастыруға келсе, онда алғашқы тіркеу үшін мемлекеттік алымдарды, техпаспорт үшін және мемлекеттік нөмір үшін бажды төлеу қажет.

Заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная