ІІМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Алаяқтар танымал платформаларда және әлеуметтік желілерде жоғары табыс ұсынып, жұмысқа орналастыру туралы хабарландыру жариялап жатыр. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі азаматтарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алаяқтар танымал платформаларда және әлеуметтік желілерде жоғары табыс ұсынып, жұмысқа орналастыру туралы хабарландыру жариялап жатыр. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі азаматтарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Азаматтарға жалған сайттарға сілтемелер, жеке деректі жинауға арналған сауалнамалар жіберіледі немесе жұмыс істеуге арналған зиян мобильді қосымшаны орнатуды ұсынады.

ІІМ мәліметінше, бұл алаяқтарға банк деректерін, мессенджерлерді және құрылғыны басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қауіпті ұсыныстар қатарында шетелде жұмыс істеу туралы жалған жарнамалар да бар.

Реклама
Реклама

"Азаматтарды IT, қонақ үй бизнесі саласында немесе call орталықтарға жұмысқа орналастырамыз дейді де, шетелге әкету үшін жалдайды. Дегенмен олар еңбек құлдығына, сексуалдық құлдыққа түсуі, зорлық-зомбылыққа ұшырауы мүмкін. Кейбір жағдайларда зардап шеккендерді басқа азаматтарды алдау немесе дене мүшелерін трансплантациялау схемаларында пайдаланады", - деп ескертті ведомство өкілі.

ІІМ күмән туындаса, бірден полицияға хабарласуға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама