ІІМ қазақстандықтарға Threads-тегі күмәнді жазбалар туралы ескертті

Дина Шарипханова Корреспондент
ІІМ қазақстандықтарға Threads-тегі күмәнді жазбалар туралы ескертті Фото:depositphotos.com

Әлеуметтік желілерде, әсіресе Threads-те "жар іздеймін", "танысқым келеді" деген жарияланымдарды жиі кездестіруге болады. Мұндай жазбалардың артында алаяқтар да тұруы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде, әсіресе Threads-те "жар іздеймін", "танысқым келеді" деген жарияланымдарды жиі кездестіруге болады. Мұндай жазбалардың артында алаяқтар да тұруы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Олар өздерін тартымды, бақуатты жігіт немесе қыз ретінде таныстырып, хат алмасуды белсенді түрде жүргізіп, адамға ерекше көңіл бөліп, қысқа уақыт ішінде сенімге кіреді. Уақыт өте келе әңгіме қаржылай көмек сұрауға ұласуы мүмкін.

Алаяқтық схема әдетте былай өрбиді:

Реклама
Реклама
  • белсенді қарым-қатынас орнату және эмоциялық тәуелділік қалыптастыру;
  • өмірдегі қиын жағдайлар, ауру, шұғыл шығындар немесе тиімді инвестициялар туралы әңгімелер;
  • ақша аударуды, оның ішінде қаражатты шетелдік криптоәмияндарға аударуды немесе үшінші тұлғалар арқылы жіберуді сұрау;
  • қаражат алынғаннан кейін байланыс үзілiп, жәбірленушіні бұғаттау.

"Егер экранның арғы жағындағы адам сізден ақша аударуды сұраса, бейнебайланыстан және жеке кездесуден қашса, интернеттегі суреттерді пайдаланса, сақ болған жөн", - дейді ІІМ өкілдері.

Алаяқтардың арбауына түсіп қалмас үшін:

  • интернет арқылы танысқан адамдарға ақша және жеке деректерді бермеу;
  • жеке суреттерді жібермеу;
  • күмәнді сілтемелерге өтпеу;
  • сұхбаттасушының профилін және ол туралы ақпаратты тексеру;
  • күмән туындаған жағдайда жазбаны тоқтату керек.

ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті азаматтарды онлайн-танысу кезінде сақ болуға және құқыққа қайшы әрекеттер туралы уақтылы полицияға хабарлауға шақырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама