ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады

© Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, ведомство басшысы Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығына сәйкес, алдағы мерекелер қарсаңында Қазақстанның ішкі істер органдарының жеке құрамы күшейтілген қызмет түріне ауыстырылады.

"Полиция құқықтық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету, сондай-ақ құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша іс-шаралар кешенін жүргізеді.

Құқықбұзушылықтар туралы хабарламаларға жедел ден қою үшін мереке күндері полиция автопатрульдерінің, көшелердегі полиция жаяу нарядтарының саны артады. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдануда. Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін сертификатталмаған пиротехникалық өнімді сатуға жол бермеу мақсатында тексерулер жүргізіледі. Оларды пайдалану кезінде сақтық шараларын қатаң сақтау қажет", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама