21 маусым 2024 | 10:35

ІІМ Киевте журналист Садықовқа шабуыл жасаған күдікті туралы ақпаратқа пікір білдірді

Қазақстан ІІМ Киевте қазақстандық журналист Айдос Садықовқа шабуыл жасады деген күдіктілер ұсталғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан ІІМ Киевте қазақстандық журналист Айдос Садықовқа шабуыл жасады деген күдіктілер ұсталғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Садықовтың жұбайы Facebook әлеуметтік желісінде екі күдіктінің ұсталғанын хабарлаған еді. Олардың бірі бұрын Қостанай облыстық Полиция департаментінің қызметкері болған-мыс.

"Азамат М.Қаратаевқа қатысты, оның 2019 жылғы қаңтарда ішкі істер органдарынан босатылғанын және қазіргі уақытта полиция қызметкері емес екенін хабарлаймыз. Қазір біз Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес істің барлық мән-жайын анықтау бойынша тиісті жедел іс-шаралар жүргізіп жатырмыз. Осы жұмыстың нәтижелері бойынша қосымша ақпарат беріледі", - делінген ІІМ хабарламасында.

Реклама
Реклама

Еске салайыө, 8 маусымда БАҚ Киевте Айдос Садықовқа қастандық жасалғанын хабарлады. Украина Ұлттық полициясының мәліметінше, белгісіз біреу Ярмола көшесінде тұрақта тұрған көлікке жақындап, ішінде отырған ер адамға оқ атқан, содан кейін қашып кеткен. Жәбірленушінің қасында әйелі болған.

Зардап шегуші медициналық мекемеге жатқызылды. Киев полициясы адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев қастандық әрекетке қатысты пікір білдірді.

"Елімізде Заң үстемдігін нығайтып жатырмыз, яғни барлық салада, ең алдымен, Заң үстемдігін қамтамасыз ету – басты міндет. Бұл мәселе бойынша менің көзқарасым – айқын. Мұны өздеріңіз де жақсы білесіздер. Қазақстанда Заң мен тәртіп бәрінен биік тұруға тиіс. Сондықтан қоғамдағы барлық қарама-қайшылықтар мен келіспеушіліктерді тек қана құқықтық тұрғыдан, яғни тиісті Заңнамаға және негізгі халықаралық нормаларға сәйкес шешу қажет. Кеше Қазақстан азаматы Айдос Садықовқа қатысты Киевте болған қылмысқа да дәл осы ұстаным тұрғысынан қараған жөн.

Мен дипломатиялық арналар мен құқық қорғау органдары арқылы осы оқыс оқиға бойынша ресми сұратулар жіберу туралы нақты тапсырма бердім. Сондай-ақ қажет болған жағдайда Қазақстанның ресми органдары істің ақиқатына жетуге жәрдем беру үшін тергеу жұмысына қатысуға дайын екенін айтқым келеді", – деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная