26 шілде 2024 | 10:54

ІІМ мен ҰҚК арнайы операциясы: Қарағанды ​​облысында қылмыстық топ ұсталды

видео кадры

ІІМ Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Қарағанды облысы прокуратурасының үйлестіруімен өнеркәсіптік компаниялардан, оның ішінде "Қазақмыстан" металл және тауар ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ІІМ Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Қарағанды облысы прокуратурасының үйлестіруімен өнеркәсіптік компаниялардан, оның ішінде "Қазақмыстан" металл және тауар ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті криминалитеттен басқа қылмыстық әрекетке кәсіпорын қызметкерлері, оның ішінде қауіпсіздік қызметінің басшылары мен қызметкерлерінің қатысы бар деп күдікке ілініп отыр. Қылмыстық іс-әрекет салдарынан келтірілген залал анықталып жатыр.

"Қарағанды облысының полиция департаментіне 20-дан астам күдікті жеткізілді. Тінту іс-шаралары барысында олардан атыс және травматикалық қару, автокөлік, қаражат және қылмыстық іс бойынша басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Реклама
Реклама

ІІМ қала құраушы кәсіпорындарда әрекет ететін қылмыстық топтарды анықтау және жолын кесу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная