16 қаңтар 2023 14:02

ІІМ өкілі армян көліктерін тіркеу мәселесін шешуге уәде берді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ІІМ өкілі Қазақстанда Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мәселесін шешуге уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ өкілі Қазақстанда Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мәселесін шешуге уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кейінгі уақытта кейбір сұрақтар туындап отыр. Біріншіден, бұл Армениядан әкелінген көліктерге қатысты. Кейінгі екі-үш жылда елде көптеген армян көлігі тіркелді. Бұл көліктер бойынша заңдастыру барысында осы мәселелер қаралып, толық шешіледі. Ішкі істер министрлігі бұл көліктерді Арменияда есептен шығару бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр. Бұл мәселе шешіледі деп ойлаймыз.

Екіншіден, Қазақстанға қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген көліктер қазір бүкіл республика бойынша қолданылып жүр. Осы көліктер бойынша да жұмыс істеп жатырмыз", - деді брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басшысының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Реклама
Реклама
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram