18 қазан 2022 | 15:32

ІІМ өкілі жаяу жүргіншілерге айыппұл салу туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев жаяу жүргіншілерге айыппұл салу туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев жаяу жүргіншілерге айыппұл салу туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұраталиевтің айтуынша, Ішкі істер министрлігі тәртіп бұзған жаяу жүргіншілерге де көлік жүргізушілеріне қолданылатындай шаралар қолдануға ниетті. Атап айтқанда, жол қозғалысы ережесін ұдайы бұзатындар айыппұл сомасының жартысын ғана төлеу мүмкіндігінен айырылуы мүмкін.

"Жаяу жүргіншілер 50 метр жерде жер үсті немесе жер асты жаяу жүргіншілер өткелі болса да, жолды белгіленбеген жерден кесіп өтеді. Бұл жағдайда 2 АЕК (1 АЕК – 3 180 теңге) көлемінде айыппұл сала аламыз. Жүргізушілерге қатысты шараларды қолдануымыз мүмкін: жаяу жүргінші белгіленбеген жерден жолды бірінші рет кесіп өткенде ескерту жасалады. Екінші жағдайда оған әкімшілік айыппұл салынады, ал үшінші жағдайда тәртіпбұзушыға айыппұлды 50 пайыздық жеңілдікпен төлеуге мүмкіндік бермейтін шаралар қабылданады", - деп түсіндірді Жандос Мұраталиев ОКҚ-да өткен брифинг барысында.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная