ІІМ операциясы: Ақтау тұрғыны жалға алған пәтерде қауіпті заттарды сақтаған

видео кадры

Ақтауда полицейлер есірткі дилерін құрықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтауда полицейлер есірткі дилерін құрықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру кешенін өткізу барысында жергілікті тұрғын ұсталды.

"Ол синтетикалық есірткілерді сақтау және орау үшін пәтерді жалға алған. Қызметтік иттің көмегімен 550 грамм болатын "мефедрон" синтетикалық есірткі заты тәркіленді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, тінту кезінде zip-қаптамалар, түрлі-түсті изолента, есірткіні өлшеп орауға арналған электрондық таразылар анықталған.

Ұсталған адамға қатысты соталды тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама