ПОДЕЛИТЬСЯ
20 қараша 2019 | 14:32
ІІМ орынбасары шымкенттік дәрігердің ұсталуына қатысты пікір білдірді
Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов адам органдарын заңсыз ауыстырды деген айыппен ұсталған шымкенттік дәрігердің ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов адам органдарын заңсыз ауыстырды деген айыппен ұсталған шымкенттік дәрігердің ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазіргі уақытта дәрігер уақытша ұстау изоляторында.
"Заң бойынша қылмыстық істің мән-жайын ашып айта алмаймын. Бірақ адам органдарын заңсыз сату дерегі бойынша қажетті бұлтартпау шарасы қабылданғанын айта аламын. Бұлтарпау шарасы ретінде оны қамауға алдық", - деді ішкі істер министрінің орынбасары.
Адам органдарын заңсыз ауыстырды деген айыппен ұсталған шымкенттік дәрігер жайлы не белгілі?
Сондай-ақ, министрлік өкілі қылмыстық іс аясында бас дәрігерді ота жасауға жіберуі мүмкін екенін айтып өтті.
18 қарашада ІІМ Тергеу департаментінің қызметкерлері № 1 қалалық клиниканың бас дәрігерін ұстаған болатын. Тергеу барысында Донбайдың адам органдарын сатып алу-сатуға заңнамалық тыйым салғанына қарамастан, ірі ақшалай сыйақы үшін бүйректі алу және ауыстырып салу бойынша заңсыз операциялар жүргізгені анықталды.
Показать комментарии
Читайте также