14 наурыз 2022 | 11:12

ІІМ полицейлер қаңтар оқиғасы кезінде неліктен қару қолданғанын түсіндірді

Ішкі істер министрлігі полицейлер қаңтар оқиғасы кезінде неліктен қару қолданғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрлігі полицейлер қаңтар оқиғасы кезінде неліктен қару қолданғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр Марат Ахметжанов 19 қызметкер қаза тапқанын атап өтті. 

"3 мыңнан астам полиция мен әскери қызметші жарақат алды. Көптеген қызметкер әлі де ем алып жатыр. Біразы денсаулығына байланысты болашақта қызметтерін жалғастыра алмайды. Сондықтан, қызметкерлер төтенше жағдай және терроризмге қарсы операция аясында қару қолдануға мәжбүр болды", - дейді министр Мәжіліс отырысында. 

Реклама
Реклама

Ахметжанов қару қолдану "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңның 61-бабына сәйкес жүзеге асқанын айтады.

Оның ішінде:

- азаматтарды қорғау;

- қызметкерлерге және күзету объектілеріне жасалған шабуылға тойтарыс беру;

- қару мен арнайы көліктерді басып алуға жол бермеу;

- және қарулы адамдарды ұстау мақсатында қолданылды.

Одан бөлек, бүгінде полицияның тергеуінде 2 919 қылмыстық іс бар. 1 мыңнан астам күдікті қылмыстық жауаптылыққа тартылып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная