ІІМ Qarmet кәсіпорнындағы заңсыз баюдың қылмыстық схемасын әшкереледі

ІІМ Qarmet кәсіпорнындағы заңсыз баюдың қылмыстық схемасын әшкереледі polisia.kz

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Ішкі істер министрлігі өнеркәсіп саласындағы қылмыстардың жолын кесу және бизнестің мүдделерін қорғау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. 27 сәуірде Қарағанды облысында полиция қызметкерлері "Qarmet" АҚ-да әрекет еткен қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдіктілер жасырын алаяқтық схемаларды қолданып және кәсіпорынның жекелеген қызметкерлерімен сөз байласа отырып, жеткізілетін шикізаттағы темір құрамының көрсеткіштерін қолдан көтеріп отырған.

Кәсіпорынға келтірілген залал - шамамен 190 млн теңге. Заңсыз әрекеттерге қатысы бар 13 адам ұсталды. Олар - Теміртау қаласының тұрғындары.

Жарнама
Жарнама

Тінту барысында ірі көлемде қаражат және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді, соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

"Қабылданған шаралар қалақұраушы кәсіпорынның тұрақты жұмысы мен тіршілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады", - делінген хабарламада.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама