05 маусым 2022 | 13:01

ІІМ референдум туралы: Жағдай тұрақты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрлігі Қазақстандағы референдум өткізу кезеңінде жағдай тұрақты екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрлігі Қазақстандағы референдум өткізу кезеңінде жағдай тұрақты екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов заңға сәйкес, референдум өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ішкі істер органдарына жүктелетінін атап өтті.

"Ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Бюллетеньдер жеткізілгенге дейін барлық сайлау учаскесінде жалпы қауіпсіздік пен өрт қауіпсіздігі тексерілді. Қазіргі уақытта жеке құрам күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Жалпы, елдегі жағдай тұрақты, қазіргі уақытта заңбұзушылықтар тіркелген жоқ, қандай да бір ақпарат болса, кешке қосымша ақпарат береміз", - деді Арыстанов республикалық референдумға арналған онлайн-марафон барысында.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бүгін, 5 маусымда Қазақстанда жалпыхалықтық референдум өтіп жатыр.

Референдумда қазақстандықтар Конституциядағы түзетулердің болу не болмауына дауыс береді. Яғни бюллетенде тек бір сұрақ: "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?". Сұраққа "иә" не "жоқ" деп жауап беруі керек.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная