ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қазан 2024 | 11:56
ІІМ самокаттарға қатысты жаңа ережелерді дайындап жатыр
Ішкі істер министрлігі электрсамокаттарды пайдалану ережесін одан әрі жетілдіру жоспарын бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ішкі істер министрлігі электрсамокаттарды пайдалану ережесін одан әрі жетілдіру жоспарын бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта заңнамаға тиісті түзетулер әзірленіп жатыр.
"ІІМ тарапынан самокаттарды пайдалануды одан әрі заңнамалық реттеу мәселесі пысықталатын болады, ол түзетулер қалыптастырылғаннан кейін жария талқылауға шығарылады", - деп жауап берді ІІМ Tengrinews.kz сұрауына.
Сондай-ақ, құрылғыларды пайдалану мәселелерін реттеу, оларда жүріп-тұру кезінде қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында жол инфрақұрылымы саласындағы уәкілетті органдар ретінде әкімдіктерге елді мекендерде веложолақтар мен веложолдар желісін жайластыру мен кеңейтуді көздеу ұсынылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также