16 қаңтар 2022 | 13:45

ІІМ сенім телефонына полиция қызметкерлеріне қатысты 17 шағым түсті

Дина Шарипханова Корреспондент

ІІМ сенім телефондарына полиция қызметкерлері әрекетіне 17 шағым түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ІІМ сенім телефондарына полиция қызметкерлері әрекетіне 17 шағым түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайт мәліметінші, өткен тәулікте сенім телефондарына 57 өтініш келіп түскен, оның ішінде 40 өтініш консультативтік-анықтама сипатында (көші-қон, халықты құжаттандыру, көлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу, айыппұл есептеу, сақтандыру, әлеуметтік мәселелер, ЖКО мәселелері, ақылы жолдар, ХҚКО-лардың жұмыс істеуі және т.б.) және 17-сі полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне байланысты.

"Мән-жайды анықтауды қажет ететін барлық өтініш бойынша тексерулер жүргізіледі (АЕК-те 8 өтініш тіркелді және 4-і бойынша қызметтік тергеу тағайындалды) және шағымданушыларға толық түсініктеме берілді. Мысалы, 15 қаңтарда "Әділет жолы" РҚБ-нің өкілі Пшеновтен Семей қаласында ұсталған 2001 жылы туған О. есімді азамат туралы білуді сұраған өтініш келіп түсті. Өтінішті тексеру кезінде О. есімді азамат ҚР ҚПК-нің 128 және 131-баптары бойынша ҚР ҚК-нің 269-бабы 3-бөлігі ("Ғимарат пен құрылысқа шабуыл жасау") және 272-бабы 2-бөлігі ("Жаппай тәртіпсіздік") бойынша соталды тергеу шеңберінде ұсталғаны анықталды.

9 қаңтарда Семей қаласының соты ұсталған адамға қатысты екі айға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Тексеру нәтижелері бойынша О. есімді азаматтың орналасқан жері Пшеновқа хабарланды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Осыған ұқсас мониторинг жүргізу барысында Instagram әлеуметтік желісінде Di Seisen-парақшасында Алматы қаласындағы митингілер мен тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен ұсталған жігіттің әкесі жазған хабарлама жарияланған. Ол ұлы Алматы қалалық ПД УҰИ-да отырғанда, оны ұрып-соққан деп жазған. Осы хабарлама бойынша өзіндік қауіпсіздік бөлімшесі тексеруді бастады. Тексеру кезінде жәбірленуші мен оның әкесінің сауалнамалық деректері анықталды, бірақ олар полиция қызметкерлері әрекетіне байланысты өтініш беруден бас тартты.

ІІМ ӨҚД-нің "14-02" сенім телефонына жүгінген азаматтар консультациялық-анықтамалық көмек ала алады. Бұл жедел әрекет етуге, тексеруге және әрбір нақты жағдайға түсінік беруге мүмкіндік береді.

"Біз халықпен тығыз байланыста болуға мүдделіміз, бұл бізге қорытынды жасауға және алдағы уақытта ІІО жеке құрамы тарапынан орын алуы мүмкін бұзушылықтардың жолын кесуге мүмкіндік береді", - деп мәлімдеді ӨҚД.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная