16 мамыр 2023 14:13

ІІМ тергеу изоляторында Қырғызстан азаматының аштық жариялағаны туралы ақпаратқа пікір білдірді

Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Алматыдағы тергеу изоляторында шетелдіктің аштық жариялауы туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Алматыдағы тергеу изоляторында шетелдіктің аштық жариялауы туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін БАҚ Қырғызстан азаматы Артур Ибрагимовтің Алматыдағы №72 түзеу мекемесінің тергеу изоляторында отырғандығы туралы жазған болатын. Ұсталған жігіттің туыстарының айтуынша, ер адам қамаудағы жағдайға, тамаққа шағымданып аштық жариялаған. Ол сондай-ақ камералар дымқыл және төсек-орындар берілмейді деп мәлімдеген.

"Мен бұған дейін прокурорға қадағалауға өтініш беріп, келуін өтіндім. Бірақ ешкім келмеді. Сондықтан өз-өзіме қол жұмсауға мәжбүр болып, қолымды кестім", - дейді ол.

Реклама
Реклама

Tengrinews.kz редакциясының тілшісі осыған байланысты пікір алу үшін ҚАЖК-ке жүгінді. Ведомство бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

"Қамауға алынған Қырғызстан азаматы бұрын Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігі "Ұрлық" бойынша бірнеше рет сотталған, ол өткен жылдың қазанынан бері №72 мекемеде қамауда отыр. Бүгінде тамақ беру ішкі тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады. Сондай-ақ ол аштық жариялау туралы өтініш бермеген, өзіне дене жарақатын да салмаған", - деп хабарлады комитеттегілер.

Сонымен қатар, мекемеде санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тарапынан жүйелі түрде тексерулер жүргізіліп, камералардың техникалық жағдайы да тексерілетіні атап өтілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram