14 шілде 2021 | 14:38

Мәдениет министрлігі Қастеев музейі мен жаңа тұрғын үй кешенінің дауына пікір білдірді

Көрнекі сурет: Tengrinews.kz

Мәдениет және спорт министрлігі Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайына іргелес тұрған Central Esentai Resedence тұрғын үй кешені тұрғындарының дауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәдениет және спорт министрлігі Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайына іргелес тұрған Central Esentai Resedence тұрғын үй кешені тұрғындарының дауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік мәліметінше, Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қорытындысына сәйкес, музейдің салқындату және ауа айналу жүйесінен шығатын дыбыс рұқсат етілген нормадан асатыны анықталып, музейге 230 АЕК (670 мың теңге) айыппұл салынған. Ал бұл олқылықтың орнын толтыруға 30 күн беріліпті.

Бүгінде музей басшылығы айыппұлдың 50 пайызын төлеген.

Реклама
Реклама

"Бұл музей республикалық маңызы бар қала құрылысы мен сәулет ескерткіші қатарына жататынын, 1983 жылдан бастап мемлекеттік тарихи және мәдени ескерткіштер тізіміне кіретінін атап өткіміз келеді.

Еліміздің "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Заңына сәйкес, ескерткіштерді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында:

1) қорғау аймақтары;

2) құрылыс салуды реттеу аймақтары;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен қорғалатын табиғат ландшафт аймақтары болып бөлінеді.

Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану саласындағы заңнамада көрсетілгендей дәл осындай тарихи-мәдени ескерткіш аумағында құрылыс жұмысын жүргізуге шектеу бар.

Заңда қалалар мен басқа да елді мекендерді жоспарлау, салу және реконструкциялау жобасы, тарихи және мәдени ескерткіштер орналасқан жерді пайдалану картасы уәкілетті органмен келісілуі керек екені көрсетілген. Алайда мұражайдың аумағына осы көп қабатты тұрғын үй кешенін салуға Министрлік келісім берген жоқ.

Мұражайдың салқындату және кондиционерлеу жүйесі мұражайдың өзі құрылған сәттен бастап, яғни 1976 жылы жүргізілгенін атап өткен жөн. Бұл ғимараттың тіршілігін қамтамасыз ету жүйесі, ал ғимараттың сыртында тұрған қазіргі тоңазытқыштар 2008 жылы орнатылды. Олар штаттық режимде жұмыс істейді. Жыл сайын профилактикалық қызмет көрсетуден өтеді және өндірушінің сипаттамаларына сай келеді", - делінген хабарламада. 

Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылы 7 желтоқсандағы №372 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару нұсқаулығына сәйкес, әртүрлі музей заттарын кешенді сақтау кезінде ауа температурасы +18о ± 1° Цельсий болуы керек.

Яғни, музейдің салқындату және кондиционерлеу жүйесі ұлттық мәдени мұраны сақтаудың кепілі және кез келген музейдің сапалы жұмысын қамтамасыз етудің міндетті бөлігі.

Дер кезінде әрекет етудің арқасында музей мен Central Esentai Resedence тұрғын үй кешенінің құрылысын жүргізген тарап келіссөз жүргізді. Оның нәтижесі бойынша құрылыс жүргізген тарап бұл жағдайды реттейтінін жеткізіп, уағдаластыққа қол жеткізді. Министрлік бұл мәселе тұрақты бақылауда болатынын хабарлады.

Еске салайық, 12 шілдеде Қастеев музейі жаңа тұрғын үй кешенімен дауласып жатқаны хабарланған болатын. Қала тұрғындары музей желдеткіштерінен шығатын қатты дыбысқа шағымданды. Алайда музей қызметкерлері тұрғын үй кешені күзет аймағында салынғанын, сондықтан тұрғындар қиын жағдайға тап болғанын айтқан. 

"Экспонаттарды жоғалтамыз". Қастеев музейі жаңа тұрғын үй кешенімен дауласып жатыр

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная