02 қазан 2021 | 14:43

Мәдениет министрлігі спортшылар мен бапкерлерге өмір бойына төленетін ақы неліктен көбейетінін түсіндірді

Мәдениет және спорт министрлігі өкілдері спортшылар мен бапкерлерге өмір бойына төленетін ақы неліктен көбейетінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәдениет және спорт министрлігі өкілдері спортшылар мен бапкерлерге өмір бойына төленетін ақы неліктен көбейетінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы ақы төлеу қағидаларына өзгерістер енгізу туралы жоба қазір "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауда.

"Мәдениет және спорт министрлігі қоғамдық талқылауға қаулы жобасын ұсынды, оның мақсаты - ай сайынғы ақымен қамтамасыз ету төлемдерін ұлғайту, әлеуметтік қолдау көрсету арқылы спортшылар мен жаттықтырушыларды жоғары спорттық нәтижелерге ынталандыру. Осы өзгерістерді ұсыну кезінде көптеген мемлекеттің тәжірибесі зерттелді. Ресей, АҚШ, Канада, Австрия, Швейцария, Ұлыбритания сияқты бірқатар елдегі қаржылық қолдау тетігі негізге алынды", - деді Спорт және дене шынықтыру істері комитеті өкілдері. 

Реклама
Реклама

Спортшылар мен жаттықтырушыларды өмір бойы және ай сайын материалдық қамтамасыз ету "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңға сәйкес республикалық бюджеттен төленетін болады.

"Бұл өзгеріс қоғамдық талқылау өткізілгеннен кейін 14 қазанда республикалық бюджет комиссиясының отырысында талқыланады. Егер өзгеріс қолдау тапса, материалдық қамтамасыз ету 2022 жылы заңды түрде жүзеге асырылады", - деді ведомство өкілдері.

Еске салайық, кеше, 1 қазанда спортшылар мен бапкерлерге өмір бойына төленетін ақы төрт есе көбеюі мүмкін екені хабарланған болатын.

Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне, олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алған спортшыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды 100 АЕК-ке (2021 жылы 291 700 теңге) дейін арттыру ұсынылды.

Бұл спортшыларды дайындаған бапкерлерге 100 АЕК мөлшерінде төлем тағайындау жоспарланған.

Бүгінде спортшылар мен жаттықтырушыларға 24 АЕК төленеді - 2021 жылы 70 008 теңге. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная