“Мәдениетсіз әрекет пен жабайы жүріс-тұрыс“ - Тоқаев Қазақстандағы вандализм деректері туралы

Нұрила Достарқызы Корреспондент
“Мәдениетсіз әрекет пен жабайы жүріс-тұрыс“ - Тоқаев Қазақстандағы вандализм деректері туралы Видеодан алынған кадр

Қазақстан Президенті мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде қазіргі уақытта Қазақстанда ауқымды өзгерістер жүріп жатқанын атап өтті. Ол бұл жай ғана өзгерістер емес, елдің болашағы үшін өте маңызды терең, кешенді және жүйелі реформалар екенін айтты.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы қоғамдық сананы жаңғырту жөнінде пайымымен бөлісті.

Жарнама
Жарнама

"Біз ойы озық, өркениетті ел боламыз десек, ең алдымен қоғамдағы кез келген мәдениетсіз әрекетке, жабайы жүріс-тұрыс пен тұрпайы тағылыққа, яғни, вандализмге түбегейлі тосқауыл қоюымыз керек. Өкінішке қарай, соңғы уақытта тарихи және мәдени нысандарға қасақана зиян келтіру жағдайлары жиілеп кетті. Мысалы, жақында ғана Маңғыстау облысының Ыбықты сай шатқалында болған оқиға бойынша тиісті өкілетті органдар қатаң құқықтық қорытынды шығаруы керек. Біз тұтас қоғам болып осындай заңсыз әрекеттерге үзілді-кесілді қарсы тұруымыз қажет. Заңды құрметтеу, табиғатты аялау, жауапкершілік, жасампаз патриотизм қағидаттары қоғамдық санада түбегейлі орнығуға тиіс. Бұл қасиеттер азаматтарымыздың, әсіресе, өскелең ұрпақтың дүниетанымы кең, мінез-құлқы дұрыс адам ретінде қалыптасуына негіз болуы керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама