Мәдениеттанушы мемлекет басшысының үндеуіне пікір білдірді

Белгілі ғалым мемлекет басшысының үндеуіне пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Белгілі ғалым мемлекет басшысының үндеуіне пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Мәдениеттанушы Салтанат Әлімқұлова Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру тәуелсіз Қазақстанның 29 жылдық тарихындағы маңызды қадамдардың бірі екенін атап өтті.

"Жаппай саяси қуғын-сүргін және ашаршылық жылдары - біздің тарихымыздың қиын тұстары. Құрбандардың нақты саны әлі күнге дейін белгісіз, тек аштықтан Қазақстан аумағы халқының үштен бір бөлігі қаза болғаны белгілі. Қуғын-сүргін жылдарында Қазақстанда тек қазақтар ғана емес, депортацияланған халықтардың өкілдері де жазасын әділетсіз түзеу лагерлерінде өтеп жүрді", - деп жазды Әлімқұлова Facebook-тегі парақшасында.

Реклама
Реклама

Ғалымның айтуынша, қайғылы жылдары Кеңес Одағында тұрған көптеген этнос жазықсыз зардап шекті. Соның кесірінен тірі қалған ұрпақтарының жүрегінде сызат қалды.

Айта кетсек, кеше Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай қазақстандықтарға үндеу жолдады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама