12 наурыз 2019 | 14:23

Мадина Әбілқасымова жаңа қызметке тағайындалды

Мадина Әбілқасымова ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мадина Әбілқасымова ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

"ҚР Үкіметінің Қаулысымен Әбілқасымова Мәдина Ерасылқызы ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды", - делінген үкіметтің сайтында.

Реклама
Реклама

Үкіметке отставкаға кеткенге дейін Мадина Әбілқасымова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған еді. Оның орнына Ақтөбенің экс-әкімі Бердібек Сапарбаев келді.

Ал ұлттық экономика министрі болып Руслан Дәленов тағайындалды. 

Мадина Әбілқасымова 1978 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы бойынша бітірген. 2002 жылы Колумбия университетін халықаралық қатынастар магистрі дәрежесімен "экономикалық саясатты басқару" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2011 жылы Гарвард университетінің Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебін "мемлекеттік басқару магистрі" мамандығы бойынша аяқтаған.

Түрлі жылдары Стратегиялық жоспарлау агенттігінің бас маманы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы, "Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы" АҚ мемлекеттік саясатты талдау департаментінің директоры болып еңбек еткен.

2006-2008 жылдары Әбілқасымова ҚР премьер-министрі кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлім меңгерушісінің орынбасары болған, одан кейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалған.

2011 жылғы қыркүйектен 2013 жылғы ақпанға дейін ҚР экономикалық даму және сауда вице-министрі лауазымын атқарған. 2012 жылдан бастап Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы басқарушысының орынбасары, 2013-2014 жылдары экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі қызметтерінде болды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная