Мәдина Жүнісбекова ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

Мәдина Жүнісбекова ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды Мәдина Жүнісбекова. © primeminister.kz

М?дина Ж?нісбекова ?Р ?лтты? экономика вице-министрі болып та?айындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрді? сайтына сілтеме жасап.

Мәдина Жүнісбекова ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Мәдина Серікқызы Жүнісбекова ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Мәдина Жүнісбекова Алматы қаласында дүниеге келген. М. В. Ломоносов атындағы ММУ, Париж I Пантеон – Сорбонна университетін, Пантеон-Ассас университетін тәмамдаған. "Болашақ" бағдарламасының стипендиаты.

Реклама
Реклама

Еңбек жолын 2010 жылы бастаған.

2010-2012 жылдары коммерциялық секторда жұмыс істеген.

2012-2014 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Хатшылығының инспекторы лауазымын атқарған.

2014 жылы - ҚР премьер-министрінің кеңесшісі.

2014 жылғы маусым айынан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі қызметін атқарған.

"Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама