ПОДЕЛИТЬСЯ
05 желтоқсан 2022 | 14:29
Magnum-да сатып алудың 7 пайызы – онлайн, жеткізіп беру
Алматыдағы Еуразиялық сауда конгресінде Magnum басқарма төрағасы Азамат Османов ірі қазақстандық бөлшек сауда желісіндегі онлайн-сатылымдар офлайн-дүкендердегі сатылым көлемінің 7 пайызына жеткенін хабарлады. Сессия модераторы, INFOLine агенттігінің бас директоры Иван Федяковтың айтуынша, бұл қысқа мерзімде қол жеткізілген тамаша нәтиже. Бұл ретте Қазақстанда онлайн-сатылымдар әлі де өсе түседі деген әлеует бар.

Салыстырып көрсек, Infoline мәліметтері бойынша, көршілес Ресейде онлайн арналар күнделікті тауарларды сатудың 3 пайызына жеткен. Онлайн-сауда қала тұрғындарының күнделікті тәжірибесіне енген Мәскеу мен Санкт-Петербургте бұл көрсеткіш 10 пайызға жетіп отыр екен. "ВкусВилл" мен Metro сияқты нарық көшбасшыларының үлесі 30 пайызға дейін жетеді.
Magnum 2020 жылы пандемия кезінде онлайн түрде сата бастады. Содан кейін желі рекордтық мерзімде Magnum GO мобильді қосымшасын іске қосып, Алматыға азық-түлік жеткізуді бастады. Бірінші рет тапсырыстар ірі дүкендерде жиналған болатын. 2021 жылдың аяғында компания Алматыда алғашқы даркстор ашты (тек онлайн тапсырыстарға арналған жеке үлкен дүкен-қойма).
Азамат Османовтың айтуынша, қазір Magnum-да Алматы мен Астанада төрт даркстор бар, келесі жылы тағы екеуі ашылады. Сондай-ақ, компания жедел жеткізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асырып жатыр. Эксперимент аяқталғаннан кейін компания Алматы мен Астанада ғана емес, сонымен қатар, басқа қалаларда да жедел жеткізуді бастайды деп күтіледі.
Компания басшысы "Магнум" Kaspi.kz маркетплейсінде де ұсынылғанын айтты. "Қазақстанда азық-түлік өнімдерінің онлайн-саудасы өзінің дамуының басында ғана, бірақ қарқынды өсіп келеді. Ал өнімдерді Kaspi.kz арқылы сатуға келсек, барлық көрсеткіш бойынша бірінші нөмірлі ретейлер мен бірінші нөмірлі маркетплейс симбиозымен керемет қызмет жасай алатынымызды атап өткім келеді. Біз бұл серіктестікті мақтан тұтамыз", - деді Азамат Османов.
Magnum баспасөз қызметі ұсынған материал
Показать комментарии
Читайте также