ПОДЕЛИТЬСЯ
01 мамыр 2020 | 15:31
Magnum-нан мұқтаж жандарға ифтар: сатып алушы тамақ сыйласа, сауда желісі тағы біреуін қосады
Қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінен бастап бұл ұсыныс Қазақстандағы ең ірі сауда желісі - Magnum-ның барлық 70 филиалында жарамды: ифтарға арналған 1000, 1500 және 2500 теңгелік арнайы үш мәзір жиынтығы. Кассада төлеп жатқанда әрбір сатып алушы мәзірдің біреуін оның чегіне садақа ретінде белгілеуді сұрай алады - келесі күні "Васил" қайырымдылық қорының еріктілері оны мұқтаж адамдарға (Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тізіміне сәйкес) апарып береді. Сонымен қатар сатып алушы сыйға берген әр жиынтыққа Magnum өз атынан біреуін қосады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінен бастап бұл ұсыныс Қазақстандағы ең ірі сауда желісі - Magnum-ның барлық 70 филиалында жарамды: ифтарға арналған 1000, 1500 және 2500 теңгелік арнайы үш мәзір жиынтығы. Кассада төлеп жатқанда әрбір сатып алушы мәзірдің біреуін оның чегіне садақа ретінде белгілеуді сұрай алады - келесі күні "Васил" қайырымдылық қорының еріктілері оны мұқтаж адамдарға (Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тізіміне сәйкес) апарып береді. Сонымен қатар сатып алушы сыйға берген әр жиынтыққа Magnum өз атынан біреуін қосады.
Сондай-ақ, дайын ифтар жиынтығын Magnum-ның кез келген ірі және орта форматтағы дүкендерінде (Cash & Carry, ATAK, Super) бірдей бағамен сатып алуға болады.
Magnum-ның өнімі Halal Quality Center халықаралық орталығының сертификатына ие болды: мұнда халал өнімдерін жеткізу, қабылдау, сақтау, өндіру және сату процестеріндегі барлық талаптың толықтай орындалуын қатаң қадағаланады. Яғни, бүкіл технологиялық тізбекте тексеріледі.
Халал өнімдер, оның ішінде ингредиенттер мен шикізат халал емес тауарлармен байланыста болмауы үшін бөлек жерде сақталады, бөлек өндіріледі және сатылады. Мұны Magnum желісінде сертификатталған халал бойынша мамандар жүргізген аудит нәтижелері растайды.
Сарапшы аудиторлардың зерттеу бағыты шикізат пен ингредиенттерге тапсырыс беруден басталады және өнімді сатуға дейінгі барлық кезеңді қамтиды. "Халал" сертификаттары сарапшы ғимаратты, өтініш берушінің өнімдерін толық тексеріп, барлық шарт пен сертификаттау талаптарының орындалғанына көз жеткізгеннен кейін ғана беріледі.
Өнім құрамы, қолданылатын ингредиенттер, мекен-жай өзгерсе, ол Halal Quality Center орталығымен алдын ала келісіледі.
Аспаздық және ет өнімдерін дайындау үшін пайдаланылатын шикізаттар да халал, бұл тиісті сертификатпен расталады, онда шикізатта да, ингредиенттерде де тыйым салынған ештеңе жоқ екені нақты жазылған. Сонымен қатар, шикізатті жеткізуші оны сертификатта көрсетілген жағдайларда сақтайды.
Өңделген ет өнімдері зертханаларда зерттеліп, ДНҚ-да халал емес өнімдердің жоғын растайды.
Егер бұрын халал өнімдерін сақтайтын бөлме шошқа етін сақтауға қолданылса, онда барлық өндірістік желі - ыдыс-аяқ, ас үй техникасы мен жабдық, тамақ пісіру орындары, салқындату камералары, мұздатқыш камералар және тағы басқалары діни тазарту рәсімінен, яғни, дибахтан өтеді.
Әрине, бірнеше миллион тұтынушысы бар Magnum желісінің көптеген дүкенінде шошқа еті де сатылады, бірақ ол бөлек сақталады.
"Біз шошқа етін бөлек қабылдаймыз, бөлек ораймыз, бұл үшін арнайы шеберханаларымыз бар, - дейді Magnum компаниясы өз өндірісінің директоры Артум Русинов, - яғни шошқа еті дүкендерімізде сатылатын басқа өнімдермен байланыспайды".
Бүгінде қасиетті Рамазан айы эпидемиологиялық қиын кезеңдермен сәйкес келген кезде, мешіттер мен мұсылмандар ифтарға жиналатын орындар жабылған кезде, ораза ұстаушылар Magnum-нан қажетті тауарларын сатып ала алады.
Мұнда олардың мұқтаж жандарды тамақпен қамтамасыз етуі және қайырымдылық көмек көрсетуі үшін жағдайлар жасалды (ірі қалалардағы Magnum дүкендерінде Мұсылмандар діни басқармасы садақа жинауға арналған қораптарын орнатып жатыр, бұл функция magnum.kz сайтында онлайн түрінде де қол жетімді).
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также