ПОДЕЛИТЬСЯ
19 сәуір 2023 | 12:59
Мағзұм Мырзағалиев жаңаөзендік жұмысшылардың наразылығына қатысты пікір білдірді
"ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Астанада Энергетика министрлігі ғимаратының алдында наразылыққа жиналған жаңаөзендік жұмысшылардың бастамашысымен жеке кездескені туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚазМұнайГаз" өкілімен кездессек деген тілектері болды, біздің өкілдер шықты, келіссөздер тобын жасақтауды өтіндік. Мен бастамашымен жеке кездесіп, үш сағаттан аса уақыт сөйлестім", - деді Мырзағалиев.
Журналистер оның неге жұмысшылармен кездесуге шықпағанын сұрады.
"Мен мүлдем қорықпаймын, өйткені қорқатын ештеңе жоқ. Тағы да айтамын, ҚМГ өкілдерімен кездессек деген сұраныстары болды, бірден ҚМГ басшылығы шықты", - деп жауап берді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также