Майк Помпео елордаға келді

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында © MFA Qazaqstan

1 ақпанда кешкі уақытта АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанға іс-сапармен келді. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің Telegram-каналында айтылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келді", - делінген хабарламада. 

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, жексенбі, 2 ақпанда Помпео республиканың сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездеседі. Тараптар екіжақты және өңірлік ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайтын болады. 

Реклама
Реклама

Майк Помпео Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі жоспарланған.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның ұшағы Нұр-Сұлтан әуежайында © MFA Qazaqstan

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама