23 маусым 2021 | 10:10

Мажарстан Қазақстанның вакциналау паспортын мойындаған алғашқы ел болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Мажарстан Қазақстанның вакциналау паспортын мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СІМ сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мажарстан Қазақстанның вакциналау паспортын мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СІМ сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметі бойынша, Мажарстанның Сыртқы істер және сыртқы байланыстар министрлігінде Қазақстан елшісі Жәнібек Әбдірашов Мемлекеттік хатшының орынбасары Андраш Баранимен кездесіп, екі ел арасындағы вакцинациялау паспортын өзара тану туралы вербалды нотамен алмасқан.

Реклама
Реклама

"Иммундау сертификаттарының болуы COVID-19 таралуын болдырмауға бағытталған шектеу шараларынсыз (ПТР-сынама және карантин) екі ел азаматтарының Қазақстанға және Мажарстанға кіруіне кепілдік береді", - делінген хабарламада.

Өзара мойындау шекараларды ашу және Будапешт пен Нұр-Сұлтан арасындағы тікелей әуе қатынасын жандандыру бойынша алғашқы қадамдардың бірі саналады.

Осылайша, Мажарстан қазақстандық вакцинация паспорттарын мойындайтын Еуропалық одақтың алғашқы елі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная