06 шілде 2021 | 16:25

"Мәжбүрлі вакцинация жоқ" - Қостанай әкімі наразылыққа шыққандармен кездесті

Фото: ng.kz/Ксения Ребик

Қостанайдың Жеңіс саябағында ондаған адам наразылық акциясына жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Наша газета" басылымына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанайдың Жеңіс саябағында ондаған адам наразылық акциясына жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Наша газета" басылымына сілтеме жасап. 

Олар мәжбүрлі вакцинацияны алып тастауды, кәсіпкерлерді айыппұлдармен жазалауға тыйым салуды, сондай-ақ, вакцина алмаған адамдарға ПТР-тестілеуді тегін жасауды талап етті.

"Үкімет қаулысы заңсыз, өйткені ол менің конституциялық құқықтарымды бұзады. Мен ауылдан келдім. Акция туралы естіп, осында келдім. Мен сіздер арқылы Президентке, менің құқықтарымның кепіліне үндеу жасаймын. Үкіметпен айналысу керек. Оны отставкаға жіберу керек. АҚШ Ауғанстаннан әскерін шығарып жатыр, адамдарды неге өздеріңе қарсы қоясыңдар? Мен екпе салдырғанша елді қарумен қорғаймын", - деді Сұлтан Әбдіғалиев.

Реклама
Реклама

"Біз орталық базардан келдік, 15 шілдеден бастап жұмысқа кіргізбейміз дейді. Пандемия басталғанда біз несие алдық. Өз орнымызды күзеттік. Енді вакцина салдырмасақ, бізді орнымыздан айырғалы тұр. Маған екпе салдыруға болмайды, қан қысымым жоғары, вакцина алғым келмейді", - дейді Галина есімді жергілікті тұрғын.

Митингіге келген Қостанай әкімі Қайрат Ахметов айыппұл мәселесін шешуге уәде берді, ал қабылданған шараларды коронавирус жұқтырғандар санының 40 пайызға артуымен түсіндірді.

"Біз сіздің жұмыс берушіңізді шақырып, мән-жайды анықтаймыз. 15 шілдеден бастап сізді жұмысқа кіргізбейді деген ақпарат жалған. Қала әкімі ретінде мәлімдеймін: ірі мекемелер, сауда және ойын-сауық орталықтары, супермаркеттер бойынша - бұл жалған ақпарат. Жұмыс берушілер хабарды нашар жеткізген шығар.  Вакцинация - коронавирусты тоқтатудың жалғыз жолы" - деді әкім.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная