Мәжіліс депутаты мәслихаттағы орны мен тоқалы туралы қауесеттерге жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент

Әлеуметтік желілерде Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаевқа қатысты дау туындады. Оны қолданушылар Түркістан облысы мәслихатындағы мандаттын "тоқалына" берді және некесіз баласын жасырды деп айыптады. Бұл жазбаларға депутаттың өзі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кей жазбаларда мәжілісмен Түркістан облысы мәслихатының депутаты Нұрайым Шақимергенге креслосын "сыйлағаны" туралы айтылған. Қырықбаевтың айтуынша, ол да жазбаларды көрген.

"Бұл ақылға сыймайды! Оны өз сайлау округінен халық сайланған. Сұрақтарды аумақтық сайлау комиссиясына жолдауға болады. Мен тіпті сайлаушыларға: "Соған дауыс беріңіздер, сол депутат болсын" деп те айтпадым", - деді мәжілісмен.

Реклама
Реклама

Ал жеке қарым-қатынасына қатысты сұрақтарға Қырықбаев жауап беруден бас тартты.

"Ол менің тоқалым ба әлде жоқ па - бұл менің жеке өмірім, ол жарияланбайды. Ал балаға келсек, мен еш жерде оның менің ұлым емес екенін айтқан жоқпын - ол менің ұлым. Мен оған өз фамилиямды бердім, мұны мен құдайдың алдында да, халықтың алдында да жасырамаймын!" - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама