11 қаңтар 2023 | 13:38

Мәжіліс қаңтарда таратылуы мүмкін

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Парламент Мәжілісі қаңтарда мерзімінен бұрын таратылуы мүмкін. Бұл туралы Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің басшысы Арман Қожахметов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Парламент Мәжілісі қаңтарда мерзімінен бұрын таратылуы мүмкін. Бұл туралы Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің басшысы Арман Қожахметов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистер Мәжіліс отырысынан кейін Қожахметовтен Мәжіліс мерзімінен бұрын таратылуы мүмкін бе деп сұрады.

"Мен әлі нақты білмеймін. Мүмкін, иә, осы айда. Менің ойымша, бұл туралы Президент айтты. Ол бірінші жартыжылдықта осындай шешім қабылданатынын ескерткен болатын. Бұл үшін бәрі дайындалды. Тиісті заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Мәслихатта да, Мәжілісте де сайлаудың аралас жүйесі болады. Сондықтан бұл өзгеріс жақын арады болуы керек", - деді Қожахметов.

Реклама
Реклама

Ол Мәжілісті тарату туралы бастаманы палата төрағасы да, бір топ депутаттар да ұсынуы мүмкін екенін айтты.

"Депутаттар өзін-өзі таратуға бастамашы бола алады. Ал сайлау екі айдан кейін жарияланады. Олар (Мәжіліс депутаттары. - Ескерту) отставкаға кеткенде, Сенат заң шығару миссиясын атқарады, - деді Қожахметов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная