04 мамыр 2022 | 11:10

Мәжіліс референдум туралы заң жобасын қабылдады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс депутаттары "Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасының конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" конституциялық заң жобасын қарауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаттары "Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасының конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" конституциялық заң жобасын қарауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілістің бүгінгі отырысында депутаттар заң жобасын талқылайды.

"Жоба республикалық референдумды өткізу кезінде қолданылатын сайлау бюллетеньдері нысанын сайлауда қолданылған бюллетеньдермен сәйкестендіру мақсатында әзірленген. Заң жобасында республикалық референдум кезінде сайлау бюллетеньдеріне қойылатын талаптарды реттейтін нормалар бар, бұл азаматтардың дауыс беру процесінде қолайлы жағдай туғызады. Комитет заң жобасын қарауға дайын", - деді депутат Арман Қожахметов.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 29 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынды.

Республикалық референдум - Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының, заңдарының және мемлекет тіршілігінің өзге де неғұрлым маңызды мәселелері жөніндегі шешімдердің жобалары бойынша бүкілхалықтық дауыс беру.

Референдум бүкіл ел бойынша өткізіледі. Қазақстан тарихында екі рет референдум өткен. Біріншісі 1995 жылғы 29 сәуірде өтті және ел Президентінің өкілет мерзімін ұзарту мәселесіне қатысты болды. 1995 жылғы 30 тамызда өткен екінші референдумның мәні Қазақстанның жаңа конституциясының жобасы болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная