ПОДЕЛИТЬСЯ
10 желтоқсан 2020 | 17:09
Мәжіліс сайлауы. Телевизиялық дебат қашан өтетіні белгілі болды
2020 жылдың 30 желтоқсанында саяси партиялардың телевизиялық дебаты өтед, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
2020 жылдың 30 желтоқсанында саяси партиялардың телевизиялық дебаты өтед, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Сайлау туралы конституциялық заңның 28-бабына сәйкес, тиісті сайлау комиссиялары сайлау алдындағы дебатты ұйымдастыруға құқылы. Мәжіліске сайлау бойынша дебатты Орталық сайлау комиссиясы, ал мәслихат сайлауы бойынша дебатты тиісті сайлау комиссиялары ұйымдастырады", - делінген хабарламада.
Осыған байланысты Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы телевизиялық дебатын өткізу туралы қаулы жобасы әзірленген.
"Сайлау алдындағы дебат күнін 2020 жылдың 30 желтоқсанға белгілеу ұсынылып отыр", - дейді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова.
Айта кетейік, 2021 жылдың 10 қаңтарында Қазақстанда мәжіліс пен мәслихат сайлауы өтеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также