19 қазан 2022 | 11:51

Мәжіліс сайлауына, зейнетақы мен жәрдемақыны көбейтуге 200 миллиардтан аса қаржы сұралды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс депутаттары Мемлекет басшысының зейнетақы мен жәрдемақыны арттыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға, сондай-ақ Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауын өткізуге 220 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаттары Мемлекет басшысының зейнетақы мен жәрдемақыны арттыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға, сондай-ақ Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауын өткізуге 220 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілісте "2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы қаралды.

Заң жобасын қарау барысында депутаттар 2023 жылға арналған заң жобасына түзету енгізуді ұсынды.

Реклама
Реклама

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың зейнетақы мөлшерін ұлғайту, бала күтімі бойынша төлемдерді тағайындау кезеңінің ұзақтығын ұлғайту, Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны монетизациялау, жастарды жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз ету, Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауын өткізу жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға депутаттар 219,9 миллиард теңге бөлуді ұсынды", - деді Мәжіліс депутаты Анатолий Бойчин.

Оның айтуынша, әзірленіп жатқан Әлеуметтік кодекс аясында жекелеген шараларды жүзеге асыруға 14,7 миллиард теңге бөлу ұсынылды.

Сонымен қатар, тұрғын үй құрылыс жинақтарының салымдары бойынша сыйлықақы төлеуге - 35 миллиард.

Айта кетерлігі, 2023 жылға республикалық бюджет шығыстарының жалпы көлемі 21 триллион 2,9 миллиард теңге көлемінде жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная