31 қазан 2024 | 18:01

Мәжіліс спикері Бішкекте Қырғызстан Парламентінің төрағасымен кездесті

Фото: Ж.Жұмабеков

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қырғыз Республикасына ресми сапары аясында Жогорку Кенеш төрағасы Нурланбек Шакиевпен кездесті. Сондай-ақ Қазақстан мен Қырғызстан парламенттері арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Парламентаралық кеңестің екінші отырысына қатысты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қырғыз Республикасына ресми сапары аясында Жогорку Кенеш төрағасы Нурланбек Шакиевпен кездесті. Сондай-ақ Қазақстан мен Қырғызстан парламенттері арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Парламентаралық кеңестің екінші отырысына қатысты.

Жогорку Кенеш депутаттарымен кездесу барысында басты тақырып – парламентаралық ынтымақтастықты нығайту болды. Мәжіліс төрағасы екі мемлекет басшылары арасындағы келісімдерді заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету Қазақстан мен Қырғызстан парламентшілерінің басты міндеті екенін атап өтті.

"Ағайынды Қырғызстан әрдайым еліміздің сенімді стратегиялық серіктесі және солай болып қала бермек. Соңғы жылдары жоғары деңгейдегі кездесулердің қарқыны да, мазмұны да ынтымақтастығымыздың одақтастық сипатын айшықтайды. Президент Садыр Жапаровтың биылғы Қазақстанға жасаған ресми сапарының тарихи маңызы зор болды. Одақтастық қатынастарды тереңдету мен кеңейту туралы мемлекетаралық шарт және бірқатар маңызды салалық келісімге қол қойылды", – деді Ерлан Қошанов.

Реклама
Реклама

Мәжіліс спикері қырғыз әріптестеріне Қазақстанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан саяси өзгерістер туралы айтып берді. Ол сондай-ақ көппартиялы Мәжілістің VIII шақырылымдағы заңнамалық қызметі туралы хабардар етті. Әсіресе, Қазақстан қоғамы үшін маңызы зор "Ұлттық қор – балаларға", әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, құмар ойынға тәуелділік пен есірткі өндірісіне қарсы күрес туралы заңдарға кеңінен тоқталды.

Кездесу соңында Мәжіліс спикері Жогорку Кенеш төрағасы Нурланбек Шакиевке Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін "Достық" орденін табыстады. Жогорку Кенеш төрағасының орынбасары Нұрбек Сыдыгалиевке Құрмет грамотасы берілді.

Парламентаралық ынтымақтастық кеңесінің екінші отырысында депутаттар экономика, инвестиция, су энергетикасы, көлік, білім беру және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты талқылады. Отырыс соңында Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші мен Қазақстан Республикасы Парламенті арасындағы ынтымақтастық бойынша Парламентаралық кеңес туралы ережеге қол қойылды.

Сонымен қатар сапар барысында Мәжіліс төрағасы мен депутаттар 1916 жылғы қайғылы оқиға кезінде қаза тапқандарға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, ұлы қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың зираты мен мұражай-үйіне барды.

Ресми сапардың екінші күніне Ерлан Қошановтың Қырғыз Республикасы Президенті Садыр Жапаровпен кездесуі жоспарланған.

Суреттер: Ж.Жұмабеков

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная