ПОДЕЛИТЬСЯ
12 сәуір 2023 | 13:27
Мәжіліс спикері Жаңаөзенде наразылыққа шыққан мұнайшылардың жағдайына қатысты пікір білдірді
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Жаңаөзенде наразылыққа шыққан мұнайшылардың жағдайына қатысты журналистердің сұрақтарына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Жаңаөзенде наразылыққа шыққан мұнайшылардың жағдайына қатысты журналистердің сұрақтарына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ерлан Қошанов жағдай заң аясында шешілгеніне сенімді.
"Кешегі оқиға заң аясында шешілді деп есептеймін. Қандай қатыгездік? Барлығы заң аясында болды. Олардың тарапынан Бейбіт жиындар туралы заң бұзылды. Бүгін барлығы заңнама аясында реттеледі", - деді журналистердің сауалына жауап берген Мәжіліс спикері.
Қошанов Маңғыстау облысының мұнайшыларын Астанаға ақиқат іздеп әкелген жағдайды "таза экономикалық дау" деп атады.
"Адамдар келді. Олармен тиісті қызметтер, квазимемлекеттік органдардың өкілдері жұмыс істеді. Міне, жұмыс беруші мен тендер өткізген квазимемлекеттік орган арасындағы жанжал. Бұл таза экономикалық дау", - деді төменгі палата төрағасы.
Ерлан Қошанов Мәжіліс спикері және Amanat партиясының жетекшісі ретінде мұнайшылардың алдына неге жеке шықпағанын түсіндірді.
"Менің ойымша, мемлекеттік органдар тарапынан тиісті түсініктемелер берілді. Кім шығу керек болса, шықты. Осы мәселелердің барлығымен біз айналыстық", - деп қосты ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также