02 наурыз 2022 | 12:40

Мәжіліс спикері Қошанов: Украина мен Ресей - бізге бауырлас елдер

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Украинадағы жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Украинадағы жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс отырысынан кейін журналистер Қошановтан Қазақстан Украинаға қалай көмектесе алатынын сұрады.

"Украина мен Ресей - бізге бауырлас елдер. Сондықтан қанның төгілгенін, ғимараттар қирағанын көру өте ауыр. Қазақстан қандай көмек көрсете алады? Мемлекет басшысы айтқандай, біз екі тарап арасында делдал болып, келіссөздер алаңын ұйымдастыра аламыз", - деді Қошанов.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Мәжіліс спикеріне Қазақстан Ресейге қарсы санкциялардың салдарын қалай азайтатыны туралы сұрақ қойылды.

"Түсінікті сұрақ. Жағдай күн сайын, сағат сайын өзгеріп отыр, сондықтан болжау қиын. Мемлекет басшысы Ұлттық банк пен үкіметке Батыс санкцияларының Қазақстан экономикасына әсерін барынша азайтуды тапсырды", - деп қосты ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная