ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 14 қыркүйек 2022 16:09
Мәжіліс спикері Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 16 қыркүйекте сағат 10.00-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын", - деп жазылған Өкім мәтінінде.
Парламент палаталарының бірлескен отырысы 1 қыркүйекте өткен болатын. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу